Маңғыстауда карантин кезінде той жасалған

None
None
ШЕТПЕ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында карантин кезінде 30 тұрғын қатысқан той өткені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сілтеме жасап.

7 тамызда Шетпе кентінде шамамен 23:30-да учаскелік полиция инспекторлары карантин режимін бұзу фактісін анықтады. Шетпе кентіндегі үйлердің бірінде 30-ға жуық адам жиналған үйлену тойы өткен.

Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылды.

Материал Маңғыстау облысы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді. Тәртіп сақшылары азаматтарды карантин режимін бұзбауға, шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар