+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Маңғыстауда коронавирус жұқтырған 34 бала ауруханада емделіп жатыр

2021 жылғы 27 шілде 15:11
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда коронавирус жұқтырған 34 бала ауруханада емделіп жатыр

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда эпидемиологиялық жағдай күрделеніп барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында инфекциялық стационарлардағы науқастар 4 есеге азайды Жаңа қаулы: Павлодарда ғимараттарды корпоративтік шара үшін жалға алуға тыйым салынды Жаңа қаулы: Павлодарда вакцина алмаған кәсіпорын жұмысшылары жұмыстан шеттетіледі

Бұл туралы өңірдің қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова мәлім етті.

Оның айтуынша, шілде айының басында стационарларда 200-ден астам адам коронавирусқа қарсы ем алса, бүгінде олардың саны 874-ке жеткен.

Облыстық «Ана мен бала» орталығында 72 әйел ем қабылдап жатыр. Қыс мезгілінде қауіпті вирус жұқтырған әйелдер саны шамамен 20-дан аспайтын.

Сондай-ақ, Маңғыстауда қазіргі уақытта КВИ жұқтырған 34 бала ауырып жатыр. Тағы 7 бала пневмонияға шалдыққан.

«Облыстық балалар ауруханасында - 23 бала, Жаңаөзен ауруханасының ковид бөлімінде - 17 бала, Маңғыстау ауданының ауруханасында бір бала ем қабылдап жатыр. Жалпы адамдар жұмыс орнында ауруды жиі жұқтырады. Кейін вирус үйіндегілерге тарайды», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Аманбек Жұмыров тұрғындарға өз бетімен антибиотиктер қабылдамауға шақырды.

«Вирусқа қарсы препараттарды тағайындауға және антибиотиктер алуға қатаң тыйым салынады. Бүгінде жағдай күн сайын нашарлай түсуде. Шілденің 27 күнінде қауіпті індет жұқтырған 4532 жағдай тіркелді. Қазір жағдайы ауыр науқастар модульдік ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақталғаннан кейін оларды провизорлық бөлімшеге ауыстырады», - деді Аманбек Жұмыров.

Облыста екі мыңнан астам адам амбулаториялық ем алып жатыр. Олардың жағдайын 119 мобильді бригада бақылайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT