Маңғыстауда лауазымды шенеунік жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Маңғыстау облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ол азаматтардан мүгедектікті беруді заңсыз жеделдеткені үшін жүйелі түрде пара алып отырған деп күдіктелуде. Күдікті кінәсін мойындап, қорғаушымен бірге келу туралы жазбаша міндеттеме алғаны үшін қамалған жоқ» делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.





Соңғы жаңалықтар