Маңғыстауда мектеп түлектері көпбалалы отбасыға үй алып берді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бейнеу ауданының мектеп бітіргеніне 10 жыл толған түлектері ігі іске себепкер болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда Бейнеу ауданының түлектері баспанасыз тұрғынға үй сыйлады. Бұл бастама ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында бастау алған Маңғыстау облысы әкімдігінің «30 игі іс» жобасы негізінде өтті.

Ауыл жастары қайырымдылыққа қор жинап, аудандағы көпбалалы отбасыға үйдің кілтін табыс етті. Күтпеген жерден үйлі болған аудан тұрғыны Аманқосовтар отбасының қуанышында шек жоқ.

«Өте қуандық жаңалықты естігенде. Осыған дейін 6 балаламмен 10 жылға жуық пәтер жалдап жүрдік. Осындай көмек жасап жатқан інілеріме алғысым шексіз» - дейді Алуадин Аманқосов.

Аудан түлектерінің мұндай қайырымды шарасы дәстүрге айналған. Бұған дейін 2009, 2010 жылғы түлектердің демеушілігімен көпбалалы отбасылар баспаналы болды.

Жастардан қайырымдылық эстафетасын 2012 жылғы түлектер қабыл алды.


Соңғы жаңалықтар