Маңғыстауда найзағай жарқылдап, бұршақ жауады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Маңғыстау облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 қазан күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Бұршақ жауып, оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні - 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Ақтау қаласында найзағай жарқылдайды.

Дауылды ескертудің ықтималдығы - 90-95%.

Соңғы жаңалықтар