Маңғыстауда спортпен тұрақты шұғылданатын мүмкіндігі шектеулі адамдардың саны артты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда спортпен тұрақты шұғылданатын мүмкіндігі шектеулі 706 адам бар. 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 59 адамға жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мүгедектер спорт клубында 18 спорт түрімен шұғылданады.

2021 жылы бассейн жалға алу арқылы 30 спортшыны қамту және 5 спорт түрінен штат (бірлік) ашу жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, аутизм, даун синдромы және тірек қимыл аппараты бұзылған жандарға «Бочча» спорттық бөлімшесін (секция) ашу көзделген.

Осы мақсатта Маңғыстау облысы әкімдігі және «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры бірлесе мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бейімдік дене шынықтыру саласын дамытуға қолдау көрсету мақсатында меморандумға қол қойылды.

«Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен арасында меморандумға қол қойылды.

Маңғыстау облысында 12 қаңтар 2021 жылы Ақтау қаласы, 27 ш/а, Мүмкіндігі шектеулі жандар спорт клубының ғимаратында «Бочча» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған адаптивті спорттық секцияның ашылуы өткізілді.

Бочча - бұл бәсекеге қабілетті және рекреациялық адаптивті спорт түрі, мүгедектерге физикалық қабілеттерін, ептілігін, дәлдігін, төзімділігін, қозғалыстарды үйлестіруді дамытуға және қоғамда әлеуметтенуге көмектесетін доп ойыны.

Бұл бөлімге аутизм, Даун синдромы және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үнемі қатысады.

Секция Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының көмегімен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры жүзеге асыратын «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы аясында іске қосылады. Жобаның Бас серіктесі - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен жоба демеушісі «MYD Production» ЖШС қолдауымен жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры Қазақстанның 9 қаласында (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Павлодар, Қарағанда, Ақтөбе, Ақсу, Жанарқа) ерекше қажеттіліктері бар 600 балаға бочча, адаптивті каратэ, инклюзивті хореография, жеңіл атлетика, голбол, адаптивті таэквондо және дзюдо, адаптивті футбол сияқты спорт түрлерінен секция ашылды.

Көп ұзамай облыстың «ерекше» кішкентай тұрғындарының спорттық жетістіктерімен мақтанады деп үміттенеді. Жоба аясында, жобаның бас серіктесінің қолдауымен жаттықтырушылар адаптивті дене тәрбиесі бойынша ақысыз оқудан өтеді. Арнайы құрал-жабдықтар, оқу-әдістемелік құралдар алады және жұмысқа орналасады.


Соңғы жаңалықтар