Маңғыстауда тәулік бойы жұмыс істейтін 109 жедел желісі іске қосылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда 109 бірыңғай диспетчер орталығы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

109 қызметі мына мәселелерді қарастырады:

- Жылумен жабдықтау

- Энергиямен жабдықтау

- Сумен жабдықтау

- Кәріз сорғы стансалары және тазарту қондырғылары

- ТҚҚ

- Лифт жұмысы

- ПИК/ОСИ жұмысы

- Көше жарығы

- Қалалық жол инфрақұрылымы

- Қалалық, аула аумағын абаттандыру

- Ашық құдықтар

- Қаланы көгалдандыру.

109 бірыңғай байланыс орталығы - 24/7 режимінде жұмыс істейтін бірыңғай байланыс желісі.

Орталыққа келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, әрі қарай мәселелерді белгіленген мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтерге жіберіледі.

Сонымен қатар, мамандар өтінімдерді орындау бойынша кері байланыс жүргізеді.

Өтініш ұялы және қалалық телефондардан бірыңғай 109 нөміріне тегін қоңырау шалу, «Smart Aktau» қосымшасы арқылы, Facebook және қалалық әкімдік сайтында қабылданады.


Соңғы жаңалықтар