Маңғыстауда тұмауға қарсы вакцина сатып алу үшін 60 млн теңгеге келісім жасалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда тұмауға қарсы екпе егу басталды. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева мәлім етті. Оның айтуынша, 60 млн теңгеге тұмауға қарсы вакцина алуға келісім шарт жасалды.

«Бүгінде облыста 70мың доза вакцина бар. Яғни 70 мың адам тұмауға қарсы егіледі деп жоспарланып отыр. Тұмауға қарсы екпеге медицина қызметкерлері, жүктіліктің екінші немесе үшінші кезеңіндегі әйелдер, диспансерлік есепте тұрған балалар, сәбилер үйінің балалары, жүрек, қан тамыр жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар адамдар жатады. Барлық емханаларда 70-ке жуық егу бөлмелері дайындалды. Барлық медициналық қызметкерлер семинарларға қатысып, біліктіліктерін шыңдады. Алдыңғы егу кезінде қиын реакция көрсеткен азаматтар мен тауық жұмыртқасының ақуызына аллергиясы бар адамдар бұл вакцинаны алмайды. Гриппол деген Ресей елінен келген вакцина. Қазақстанда 4-5 жылдан бері қолданылып келеді. Теріс нәтиже байқалған жоқ», - деді Ләззат Есенғалиева.


Соңғы жаңалықтар