Маңғыстауда жер қатынастары заңын бұзғандарға 27 млн теңгеден астап айыппұл салынды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда жер қатынастары саласындағы заңнама талаптарын бұзғандарға 27 млн теңгеден астап айыппұл салынды. Бұл туралы Маңғыстау облысы қала құрылысы және жерді бақылау басқармасының басшысы Темірбек Асауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері Маңғыстау облысында жер қатынастары заңы талаптарының орындалуы бойынша 44 тексеріс жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде өңірдегі жеке және заңды тұлғаларға барлығы 27 521 895 теңге көлемінде айыппұл салынды. Былтыр бұл көрсеткіш 25 099 230 теңгені құрады», - деді Темірбек Асауов.

Сондай-ақ, тексеріс барысында Маңғыстау облысы аумағында кәсіпкерлік үшін беріліп, тиісті мақсатта игерілмеген жер телімдері анықталған. Нәтижесінде қолданылмай қалған 69,6318 гектар жер учаскесі белгілі болды. Осы жерлерді иеленген 43 азаматқа заң бұзушылықты жою жөнінде нұсқама берілді.

«Жалпы облыс бойынша үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау бойынша 11 іс, заңсыз құрылыс бойынша 2 іс, реконструкциялау, реставрациялау бойынша 18 іс, уақытында хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу бойынша 15 іс және т. б. заңбұзушылықтар анықталып, іс қозғалған», - деді Темірбек Асауов.


Соңғы жаңалықтар