Маңғыстауда жер заңнамасын бұзған мемқызметкер жұмыстан босатылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында апта басынан 2 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың ісі Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтсақ, Маңғыстау облыстық прокуратурасының заңбұзушылықты жою жөнінде ұсынуы негізінде Маңғыстау облысының қала құрылысын және жерді бақылау басқармасы басшысының орынбасары Б.Орынбасаров «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағы 4-тармақшасына сәйкес, оған «лауазымынан босату» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады.

Тәртіптік шара қолдануға Басқармамен «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлер корпорациясына тиесілі жер учаскелерінің игерілмеуіне байланысты, салынған ауыртпалықты негізсіз алып тастау арқылы басқа тұлғаға артықшылық көрсеткені және мемлекеттік мекеме басшысының міндетін атқарған кезеңде жер заңнамасын бұзған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартудан негізсіз босатқаны көрініс тапты.

Ал, осы басқарманың бас маманы Д. Конирова Әдеп кодексінің талаптарын бұзды деп саналып, оған «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы жоғары тұрған мекеме басшысының атына ұсынымдар жолданатын болады.

Соңғы жаңалықтар