Маңғыстауда жол апатынан 2 жолаушы жарақат алып, бір адам көз жұмды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мұнайлы ауданында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан екі адам жараланды. Бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 8:30 шамасында Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында болған. «Шоғы» мейрамханасына жақын маңда орналасқан «Барыс» газ құю бекеті жолында қос көлік соғысып қалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «103» қызметіне шақырту сағат 8:34-те түскен.

«Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жедел жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Белгілі болғандай, 1957 жылы туған ер адам мен 1997 жылы дүниеге келген жас жігіттің бас сүйегіне зақым келген және миы шайқалған. Екеуіде Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология бөлімшесіне жеткізілген» делінген хабарламада.

Ал үшінші адамның аты-жөні белгісіз, жас шамасы 25-30-да. Ол оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның кім екенін тәртіп сақшылары анықтайды.


Соңғы жаңалықтар