Маңғыстауда жол ережесін өрескел бұзып, кортеж құрғандар ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында таң атпай көшеде кортеж құрып, жол ережесін өрескел бұзған топтың мүшелері іздестіріліп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға таңғы сағат бүгін таңғы 6.30-да болған. Басқұқдық ауылының орталық көшесінде кортеж жасап ойқастаған көліктер видеоға түсіп қалады.

Кортежге қатысқан 8 адам Мұнайлы аудандық полиция бөлімін жеткізіліп, астындағы көліктері айып тұрағына қойылды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сақшылар кортежге қатысқан өзге адамдардың кім екенін анықтау үстінде.


«Mercedes-Benz E320 көлігінің иесі Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 595-бабының 1-бөлігі және 594-баптың 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылады. Chevrolet Tracker көлігі жол ережесін бұзып қана қоймай, апаттық жағдайға себепкер болған (Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің часть 606-бабының 1-бөлігі). «Лада 21723» көлігіндегілер қауіпсіздігін белдігін тақпағаны үшін Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 593-бабының 2-бөлігі және 230-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылады. Toyota Camry көлігі Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 593-бабының 2-бөлігі бойынша, 599-баптың 1-бөлігі бойынша заң бұзған. Toyota Land Cruiser Prado, Nissan Primera и Toyota Camry көліктері Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 595-бабының 2-бөлігі бойынша өрескел заңбұзушылық жасаған. Тағы бір Toyota Camry көлігі Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 593-бабының 1-бөлігі бойынша, 590-баптың 2-бөлігі бойынша, 603-баптың 1-бөлігі бойынша заң бұзған», - деп жазады lada.kz.


Соңғы жаңалықтар