Маңғыстаудағы орташа жалақы қанша - әкім жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі орташа жалақыны атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыстағы орташа жалақы 350 мың теңгені құрайды. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен жоғары. Дәстүрлі түрде мұнай-газ саласы басқа салалардан өзгеше жалақы алады. Сондықтар да бізде осындай көрсеткіштер бар», - деді Н. Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, облыс әкімі өз жалақысына қатысты сауалға да жауап берген болатын.

«Мен де өзге әріптестерім секілді арнайы бекітілген тарифтік көрсеткіштегі жалақыны аламын», - деді Н. Ноғаев.


Соңғы жаңалықтар