Маңғыстауға келетін туристер саны өсті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау – еліміздегі туризмді дамытуға мүмкіндігі жоғары аймақ ретінде танылды. Бұл туралы өңір басшысы Серікбай Трұмов тұрғындар алдында берген есебінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтау мен Құрық порты аралығындағы теңіз жағалауының инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде электр қуатымен, сумен, газбен қамту және Ақтау қаласынан «Алау» балаларды сауықтыру лагеріне дейінгі 4 жолақты қозғалыстағы, одан әрі Құрық паромдық кешеніне дейінгі 2 жолақты қозғалыстағы автожолдың құрылысын салу және қайта құрылымдау бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде»,-деді әкім.


Өңірде инвестиция көлемі – 160 млн теңгені құрап, барлығы 41 жұмыс орны ашылды.

Былтыр Маңғыстау өңіріне келген саяхаттаушылардың саны 200 мыңнан асты. Аймақта туристерге қызмет көрсететін 90 қонақүй бар. Өткен 2018 жылдың 9 айымен (3,9 млрд. теңге) салыстырғанда, былтыр көрсетілген қызмет көлемі 4,1 млрд теңгені құрап, 104,3%-ға өсті.



Соңғы жаңалықтар