Маңғыстаулық қос спортшы Азия чемпионы атанды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қытайдың Гонконг қаласында дзюдодан ересектер арасында өткен «Азия кубогында» маңғыстаулық екі спортшы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гонконг қаласында кезекті Олимпиада ұпайларын түгендейтін Азия кубогы сарапқа салынған болатын. Байрақты бәсекеде «Жас батыр» спорт мектебінің спортшылары Азия кубогы иегері атанды. Бауыржан Нарбаев - 60 кг салмақта, Бауыржан Сағынғалиұлы - 66 кг салмақта өнер көрсетіп, қанжығасын 100, 60 ұпаймен толықтырды.

«Қос батырды күллі қазақстандықтардың атынан, маңғыстаулық спортсүйер қауымның атынан және облыстық «Жас Батыр» спорт мектебінің атынан шын жүректен құттықтаймыз»,-деп жазды спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов әлеуметтік желіде.

Соңғы жаңалықтар