Маңғыстаулық волонтерлер бетперде тігуді қолға алды

None
None
МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық еріктілер бетперде тігіп, тұрғындарға тегін таратып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан» РТРК «MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына сілтеме жасап.

Ол үшін белсенді жастар өз қаражатына материал алып, үйлерінен тігін машинасын әкелген.

Игі іске Қарақия мен Бейнеу аудандарының белсенділері кірісті. Олар бір күнде 2 мыңнан астам бетперде тіккен.

Ал ақтаулық еріктілер 200-ден астам өнім шығарып, аялдамалардағы тұрғындарға үлестірген. Олар әлі де 300-ге жуық бетперде тігуді жоспарлап отыр.

«Дәріханаларда медициналық бетперденің жетіспеуіне байланысты, осы шараны қолға алған едік. Бұл маскалар 8 қабаттан тұрады, сондықтан вирусты өткізбейді деп ойлаймыз. Дей тұрғанымен, тұрғындарға айтарымыз, бұл маскаларды үш сағаттан артық қолданбауларыңыз керек», - деді Ақтау қаласы әкімдігі Қоғамдық даму орталығының маманы Нұрбек Шүкірбаев.


Соңғы жаңалықтар