Маңғыстаулықтар 233 мың рет жедел жәрдем шақырған

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Биылғы 10 айда Маңғыстау облысының жедел жәрдем қызметтері 233 460 рет шақыртуға шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шұғыл медициналық көмек көрсетудің екі деңгейлі моделін енгізу нәтижесінде пациентке жету уақыты айтарлықтай қысқарған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Рақымжан Елтаев мәлім етті.

2019 жылдың шілде айында науқасқа келу уақыты былтырғы жылмен салыстырғанда 25-тен 18 минутқа дейін қысқарған.

«Шұғыл медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттарын енгізу жалғастырылды. Осылайша, 2019 жылдың он айында медициналық көмек көрсету сапасын арттыру параметрі - сәтті реанимация көрсеткіші 20,9% артты, 2018 жылы ол 15% құрады. 2017 жылмен салыстырғанда биылғы он айда өлім жағдайлары 245 оқиғаға төмендеді», - деді Р.Елтаев.

Жүргізілген жаңғыртудың тағы бір нәтижесі созылмалы аурулары бар науқастармен емханалар жұмысының жақсаруы. Бұл туралы созылмалы аурулардың асқынуы себебінен жедел жәрдемді шақыру жағдайларының санының төмендеуі дәлел. Жыл басымен салыстырғанда желтоқсан айының соңында мұндай шақыртулар саны 55410 оқиғаға қысқарған.

«103 қызметтің материалдық-техникалық базасы күшейтілді. 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылдың қорытындысы бойынша медициналық жабдықтармен қамту 20% артып, 70% құрады. 2017-2018 жылдармен салыстырғанда GPS-навигациямен жабдықтау жағдайы жақсарды. Көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 21,2% артты және 2019 жылдың он айының нәтижесінде 73,2% құрады. Сондай-ақ санитарлық көлікпен қамтамасыз ету артты: биылғы он айдың қорытындысы бойынша ол 75% құрады» - деді ол.

Сондай-ақ Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Рақымжан Елтаев жедел медициналық қызмет саласындағы проблемалы мәселелерді атады.

Оның ішінде санитарлық автокөліктердің жеткіліксіздігі, бригаданың келу уақытын ұзартатын сапасыз жолдар, көшеде жарық шамдарының, көше атауларының, үй нөмірлерінің болмауы жедел жәрдем бригадасының жұмысын қиындатады.

«Пәтерлерде домофондар жұмыс істемейді. Алыс аудандар, облыс бойынша интернеттің жоқтығы да бір кедергі. Сондай-ақ, жүргізушілер жол әдебін, ережелерді сақтамайды. Сондықтан жол-көлік оқиғалары жиі болады. Санитарлық автокөліктің жеткіліксіз саны (қажеттілік 50 бірлік) - медициналық жабдықтармен жабдықталмауы (60%) да бар», - дейді Рақымжан Елтаев.

Соңғы жаңалықтар