+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Мансұрхан Махамбетов Парламентаризм институтының директоры болып тағайындалды

2021 жылғы 26 ақпан 10:26
Бөлісіңіз:
Мансұрхан Махамбетов Парламентаризм институтының директоры болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламентаризм институтының директоры болып, бұрынғы депутат Мансұрхан Махамбетов тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Сауран ауданының алғашқы әкімі тағайындалды Марат Әзілханов ҚХА Төрағасының орынбасары болып тағайындалды Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық ғылыми-зерттеу университетіне жаңа ректор тағайындалды

Мансұрхан Махамбетов – прокуратура органдарында, оның ішінде өңірлерде жұмыс істеген, тәжірибесі мол кәсіби заңгер. 1965 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуын қадағалау жөніндегі прокурор, мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы басқармасының аға прокуроры қызметтерін атқарған.

Мәжілістің VI шақырылым депутаты кезінде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, сондай-ақ, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі болды. Парламентаризм Институты Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті тапсырмасын орындау мақсатында құрылды. Құрылымның қызметі заңнаманың тиімділігін талдауды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасында парламентаризмді дамытуға және оның тиімділігін арттыруға бағытталған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT