Марат Шибұтов Қоғамдық кеңестердің тиімді жұмыс істеу шарттарын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Танымал азаматтық белсенді Марат Шибұтов Қоғамдық кеңестердің тиімді жұмыс істеу шарттарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Белсенді тұрғындары бар өңірлердегі Қоғамдық кеңестердің жұмысы тиімді болмақ. Яғни, қаланың, ауданның белсенді тұрғындары кеңестерге қолдау көрсетіп, оның қызметін үнемі жариялап отырған кезде әкімдік немесе министрлік белсенділердің тарапынан қысымды байқайды. Содан кейін олар Қоғамдық кеңестерді азаматтармен байланысудағы негізгі араағайын жасауға мәжбүр болады»,- деді ол IX Азаматтық форум барысында.

Осы ретте ол Қоғамдық кеңестердің құрамын жасақтаудағы негізгі проблемаларға тоқталды.

«Өкінішке орай, белсенді азаматтары бар мұндай өңірлер өте аз. Ал салалар жайында айтар болсақ, оларды тіпті кемшін түсіп жатыр. Саладағы тағы бір проблема - бұл Қоғамдық кеңестердің құрамы. Өйткені, Қоғамдық кеңестердің ресурстары жоқ және олардың жұмысының тиімділігі сапалы құрамына тікелей байланысты. Қоғамдық кеңес жақсы жұмыс істеуі үшін бірнеше белсенді адам болса жеткілікті», - деді Марат Шибұтов.


Соңғы жаңалықтар