Марғұлан Баймұхан қызметінен босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марғұлан Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы лауазымына тағайындалды.

Марғұлан Бақытұлы Баймұхан 1974 жылғы 6 қыркүйекте Алматы облысында туған

Польшадағы Краков Экономикалық Университетін тәмамдаған, сыртқы сауда мамандығы бойынша магистрі (1997), халықаралық маркетинг және менеджмент мамандығы бойынша магистрі (1998), PhD ғылыми дәрежесіне кандидат – экономика саласындағы философия докторы (2011), Ұлыбританияның Хертфордшир Университеті MscIM – Халықаралық басқару (менеджмент) магистрі (2016), Канаданың Ванкувер Университеті МВА – Іскерлік әкімшілік магистрі (2015). ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының (2005) және ҚР СІМ Дипломатиялық Академиясының (2006) курстарын, Поляк халықаралық қатынастар Институты Дипломатиялық Академиясының бір жылдық бағдарламасы (2010) бітірген.

1996-1997 жж. - «Daewoo Electronics» компаниясындағы маркетинг және коммерция мәселелері жөніндегі менеджері.

1997-1999 жж. - Польшада «River System Ltd.» компаниясының экспорт бөлімінің маманы, кеңесшісі, аймақтық директоры (Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері).

1999-2001 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші хатшысы.

2001-2005 жж. - Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің атташе-консулы, үшінші және екінші хатшысы.

2005-2007 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ТМД істері департаментінің Халықаралық ұйымдар бөлімінің, Әскери-саяси ынтымақтастық бөлімінің кеңесшісі, басшысы.

2007-2013 жж. - Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің Кеңесшісі, Кеңесші-уәкілі.

2013-2015 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжау комитеті төрағасының орынбасары.

2015-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап - Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.



Соңғы жаңалықтар