Марқакөл жағалауында инспекторлар тәулік бойы кезекшілік етеді

None
None
ШҚО. ҚазАқпарат – Марқакөл көлінің жағалауы қоршауға алынды. Ауданда тәулік бойы балық инспекторларының бақылау бекеті жұмыс істеп жатыр. «Қазавиаорманқорғау» қызметкерлерінің көмегімен жағдай жерде де, әуеден де қадағалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осындай қатаң шаралар соңғы статистикадан кейін қолдана бастаған. Жыл басынан бері Қазақстанның шығысында 300-ден астам браконьерлік фактісіне жол берілмеді. Балықтың уылдырық шашу кезеңінде ғана 32 әкімшілік іс қозғалған. Облыстың жағалауда орналасқан бірнеше аудандарының тұрғындары жауапқа тартылды. Заңсыз балық аулаушылардан 300 келіден астам балық алынды. Браконьерлік қызметтен түскен шығын биылғы жылы 4 миллионнан астам теңгені құраған», - деп атап өтті Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі Telegram арнасында.

ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бас маманы Фархат Байбазаровтың атап өтуінше, 68 ау мен балық аулайтын 14 құрал алынған. Марқакөлде 10 бекет орнатылды.


«Онда инспекторлар түнеп, ауысым бойынша жұмыс істейді, біз аумақтық инспекциямен бірге кесте бойынша тұрақты түрде кезекшілікке шығып отырамыз», - деп хабарлады Ф.Байбазаров.

Бұған дейін хабарланғандай, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында 2020 жылы Браконьерлікпен күрес жүргізу бойынша өзара әрекеттестік жоспарын бекітті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Марқакөл көліндегі жағдайға ерекше көңіл аударып отыр. Өткен жылдың шілде айында ол құқық қорғау органдарына Марқакөл көлінде майқан балығын заңсыз аулаған ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатуды бұйырған.


Соңғы жаңалықтар