+7 (701) 759 90 19
USD 432.21 EUR 520.38
RUB 5.67 CNY 66.59
Jańalyqtar

Мас күйінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет куәлігін көрсеткен адам анықталды - агенттік

2021 жылғы 26 ақпан 18:29
Бөлісіңіз:
Мас күйінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет куәлігін көрсеткен адам анықталды - агенттік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға офицері Динара Құлымбетова видеода мас күйінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің куәлігін көрсеткен ер адамға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында мемлекетке 1,7 миллиард теңге залал келтірген қылмыстық топ анықталды Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ірі көлемдегі парамен ұсталды

«Жол-көлік оқиғасын жасағаннан кейін, мас күйіндегі ер адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің куәлігін көрсеткені жайында әлеуметтік желілерде тараған бейнетүсірілім үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін және ішкі істер органдарында іздестіріліп жатқан Абдуллаев ұсталды. Оның жалған қызметтік куәлігі анықталды», - деді Д. Құлымбетова онлайн режимде өткен брифингіде.

Оның айтуынша, аталған жалған қызметтік куәлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үлгісіндегі құжат негізде жасалмағанын нақтылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Динара Құлымбетова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің атын жамылған алаяқтар ұсталғанын айтқан еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT