Мәскеу метросында «вагонды жарып жіберем» деп елді қорқытқан адам ұсталды

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат - Мәскеу метросындағы «Славян бульвары» стансасында граната жарамын деп елді қорқытқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жайында агенттікке төтенше жағдай қызметіндегі ақпарат көзі мәлімдеді.

«Славян бульвары» стансасын жарып жіберем деп қорқытқан адам қолға түсті» дейді ақпарат көзі.

Айта кетейік, ер адам мас болған және өзін бірқалыпты ұстай алмаған.

Оның қолында қауіп туғызатындай жарылғыш зат жоқ болып шықты.

Ол сапар шегіп келе жатқан вагон «Киев» стансасына жеткізіліп, қазір егжей-тегжейлі тексеріліп жатыр.

Мәскеу метросы әлеуметтік желідегі парақшасында «Славян бульвары» стансасының қызметі қайта қалпына келгенін, штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, кеше кешке Мәскеу метрополитеніне қарасты «Славян бульвары» стансасында ер адам қолында граната бар екенін және оны жаратынын айтып, қорқытқан.

Полиция қызметкерлері онымен келіссөз жүргізді.

Бұған дейін пойыздан гранатаға ұқсас зат табылғаны хабарланған болатын. Стансаға кіріп-шығатын есіктер түгел жабылған.

ТАСС ақпарат көзінің мәліметінше, кешкі 19:25 шамасында «Славян бульвары» стансасынан иесіз зат табылған.

«Полиция талабымен жолаушылар эвакуацияланды, стансаға кіріп-шығатын есіктер жабылды» деп мәлім етті ақпарат көзі.

Оның айтуынша, Мәскеу уақытымен сағат 19:00 кезінде «Киев» станциясын бетке алған пойыз «Славян бульвары» стансасында жолаушыларды түсірген, өйткені оның ең соңғы вагонынан гранатаға ұқсас зат табылған.


Соңғы жаңалықтар