+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Мәскеуде Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының бірқатар екіжақты мәселелері қаралды

2021 жылғы 28 қаңтар 15:38
Бөлісіңіз:
Мәскеуде Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының бірқатар екіжақты мәселелері қаралды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - 26-27 қаңтар күндері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр бастаған үкіметтік делегация Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Юрий Борисовпен кездесу барысында өнеркәсіп және ғарыш салаларындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды.

Өнеркәсіптік кооперация тақырыбы Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен келіссөздерде көрініс тапты. Тараптар уағдаластықтарды, оның ішінде 2019 жылғы 3 сәуірде екі мемлекет басшының қатысуымен қол қойылған Қазақстан-Ресей өндірістік кооперациясы саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы шеңберіндегі уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады.

Сапар аясында Роман Скляр сонымен қатар Ресей Федерациясының көлік министрі Виталий Савельевпен кездесті. Көлік саласындағы, сондай-ақ Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы автомобиль жолдары мен өткізу пункттерінің инфрақұрылымы саласындағы өзара іс-қимылдың ең өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту және өзара тиімді бірлескен жобаларды іске асыру бойынша бірлескен күш-жігердің нәтижелілігін атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT