Мәскеуде Н.Тілендиев атындағы этнографиялық оркестрдің концерті өтті

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Қазақстандық әртістер Мәскеудің Гнесин атындағы Ресей музыкалық академиясында этнографиялық концерт берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған іс-шара музыкатанушы-этнограф, композитор, Қазақстанның халық әртісі Александр Затаевичтің туғанына 150 жыл толуына орай өтті.

Бас дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиеваның басшылығымен Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі қазақ халық шығармашылығының жауһарларын, Е.Брусиловский, Абай, Н.Тілендиев, Құрманғазы, Дәулеткерей туындыларын орындады.

Сондай-ақ, сахнада танымал қазақстандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Олардың қатарында Айгүл Үлкенбаева, Еркін Шүкіманов, Дастан Есентеміров, Ардақ Балажанова, Дулат Тоқанов, Перизат Тұрарова және тағы басқалар болды.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаевтың айтуынша, шара ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген бастамаларын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар