Мәскеуде Жеңіс күніне орай әскери шеру өтіп жатыр

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Мәскеуде Қызыл алаңда Екінші Дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 76 жылдық мерейтойына орай әскери шеру өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Шеруді орталық мінберден соғыс ардагерлері, батырлық әрекеттер жасаған азаматтар мен шетелдік қонақтар тамашалап отыр.

Шеруді Құрлық әскерлері бас қолбасшысы, армия генералы Олег Салюков басқаруда, қабылдап алушы – РФ Қорғаныс министрі, армия генералы Сергей Шойгу.

«Біздің құрметті ардагерлер, сіздердің қайсарлығыңыз бен рухтарыңыздың мықтылығы үшін бас иеміз. Отанға деген өлмейтін махаббат пен бірлік үлгісін көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздер тек біріккенде ғана көп нәрсеге жетуге болатынын дәлелдедіңіздер. Қатыгез жауды еңсеріп, өз үйлеріңізді, балаларыңыз бен туған еліңізді қорғап қалдыңыздар. Нацизмді сөзсіз жеңіп, 1945 жылдың 9 мамырын ғасырларға мадақ еттіңіздер», - деді РФ президенті Владимир Путин Қызыл алаңдағы мінберден ЕДС ардагерлеріне.

«Бұл ұлы ерлікті кеңес халқы жасағанын ешқашан естен шығармаймыз», - деді В. Путин. – Жеңімпаз халық жасасын! Мейрамдарыңызбен, Ұлы Жеңіс күнімен! Ура!»

Қызыл алаңдағы салтанатты шеруге 12 мыңнан аса әскерилер, 37 жаяу шеру жасаушылар мен 19 заманауи және перспективті, сонымен қатар тарихи әскери техника бірліктері қатысты.

Механикаландырылған техника өткеннен кейін Ресей әуе-ғарыш күштерінің 76 ұшағы мен тікұшағы Қызыл алаң төбесінен ұшпақ.

Осы күні Жеңістің 76 жылдығына арналған шерулер Ресейдің тағы 28 қаласында, оның ішінде 9 батыр қалада өткізілуде. Салтанатты шаралар кешке мерекелік отшашумен аяқталмақ.

Эпидемиологиялық ахуалға байыланысты ел билігі санитариялық талаптарды сақтау бойынша қосымша шаралар қабылдауда – әлеуметтік қашықтықты және маска-қолғап режимін сақтау үшін жағдай жасалған.


Соңғы жаңалықтар