Маттео Пелликоне мемориалы: Қазақстан қоржыны бірнеше медальмен толықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Римде күрес түрлерінен Маттео Пелликоне мемориалы жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан қоржыны бірнеше медальмен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Рейтингілік турнирдің кезекті күнінде әйелдер құрамасының өкілі Гаухар Мұқатай 65 келіде жеңімпаз атанды. Диана Қаюмова 59 келіде, Аиша Уалишан 55 келіде күміс жүлдені олжалады. Ал еркін күрес балуаны Әлішер Ерғали 97 келіде үшінші, 125 келіде Юсуп Батырмурзаев екінші жүлдеге ие болды.
Соңғы жаңалықтар