+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Мәулен Әшімбаев: Өзбекстан - Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда серіктесі

2021 жылғы 9 ақпан 15:53
Бөлісіңіз:
Мәулен Әшімбаев: Өзбекстан - Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда серіктесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Өзбекстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық сенаторлар ТМД ПА-ның пленарлық отырысына қатысты Қазақстан Парламентінің депутаттары ТМД ПА кеңесінің отырысына қатысты Өзбекстанда вакцина алғандарға анықтама беру сервисі іске қосылды

Жүздесушілер парламентаралық байланыстарды, сондай-ақ экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

«Өзбекстан - Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда серіктесі. Біз мемлекеттер басшыларының сауда-экономикалық және шекара маңындағы ынтымақтастық байланыстары жөніндегі келісімдеріне зор маңыз береміз. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық, әлеуметтік және басқа салалардағы өзара тиімді іс-қимыл қарқынды дамып келеді», - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы Мәжіліс пен мәслихатың биылғы 10 қаңтарда өткен сайлауын байқауға өзбек тарапының белсенді қатысқаны үшін Саидикрам Ниязходжаевқа алғысын білдірді, сондай-ақ осы шараның елді одан әрі дамытудағы маңызына тоқталды.

«Сайлау науқаны басталғанға дейін Президенттің бастамасымен саяси реформалар топтамасы қабылданды. Ол жаңарулар біздің еліміздің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға бағытталған болатын. Оны іске асыру үшін Парламент саяси партиялар және сайлау туралы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізді. Парламенттің VII шақырылымының ашылуында Мемлекет басшысы әлеуметтік, экономикалық және саяси салаларды дамыту жөніндегі жаңа бастамаларды жария етті», - деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы Қазақстан мен Өзбекстанның барлық салалардағы қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқаны байқалып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ бүкіл Орталық Азия өңірінің табысты экономикалық дамуы, тұрақтылығы мен қауіпсіздігі негізінен Қазақстан мен Өзбекстанның өзара тығыз әрі келісілген іс-қимылына байланысты екені айтылды.

Мәулен Әшімбаев сондай-ақ сенаторлар биыл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуда белсенді жұмыс істеуді жоспарлап отырғанына тоқталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT