Мәулен Әшімбаев Жолдау туралы: Президент нақты міндеттер қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауын жариялады. Жолдауда өте маңызды мәселелер көтерілді, оны өздеріңіз де естідіңіздер. Мемлекет басшысы, экономика, әлеуметтік, саяси салаларға қатысты алдағы басымдықтарды айқындап берді. Президентіміз экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, құқық қорғау жүйесін әрі қарай жаңғырту, саяси реформаларды жалғастыру мәселелеріне жан-жақты тоқталып Парламент пен Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды. Жолдауда айтылған тапсырмаларды заңнамалық тұрғыдан уақытылы әрі сапалы қамтамасыз ету біздің негізгі міндетіміз. Осы бағытта бәріміз нәтижелі жұмыс істеуіміз керек», - деді М. Әшімбаев Сенат отырысында.

Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Сенатының алтыншы шақырылымы өз жұмысын бастады.


Соңғы жаңалықтар