+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Мәжіліс депутаттары елорданың су тасқыны қаупі бар аумақтарын әуеден бақылады

2021 жылғы 17 сәуір 14:20
Бөлісіңіз:
Мәжіліс депутаттары елорданың су тасқыны қаупі бар аумақтарын әуеден бақылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Парламент Мәжілісінің депутаттары Александр Милютин мен Жамбыл Ахметбековті бас қаладағы Астана су реттегішінің жұмысымен таныстырды.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы тауларында қауіпті 8 мориналды көл бар Жаңа Су кодексінің тұжырымдамасы 2021 жылдың соңына дейін бекітіледі Ауғанстандағы су тасқыны: 78 адам қаза тауып, 32 адам із-түссіз жоғалған

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Ю. Ильин Астана су реттегішінің осы кездегі кезеңдегі жұмысы туралы айтты.

Оның сөзінше, су реттегіш ұзындығы 31 шақырым болатын қорғаныс бөгетін қамтиды және 450 млн текше метрге дейінгі көлемдегі тасқын суды уақытша ұстай алады.

Министр қазіргі уақытта су реттегіште Астана су қоймасынан тасталған 56 млн. текше метр тасқын су жинақталғанын хабарлады.


Сондай-ақ, ол өзен арналарын тазарту, қорғаныс бөгеттерін нығайту, апаттық Гидротехникалық құрылыстарды жөндеу бойынша кешенді шараларды орындау үшін қосымша қаражат қажет екенін атап өтті.

Өз кезегінде Александр Милютин Парламентте су тасқынына қарсы іс-шараларға бюджет қаражатын бөлу мәселесін көтеретінін айтты.

Кездесу барысында депутаттар Аршалы ауданының Жібек Жолы кентіне барды. Онда Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев пен вице-министр Марат Күлдіков кенттің су басқан учаскелерінде өткізілген су тасқынына қарсы іс-шараларды таныстарды.

Ақмола облысының 52859 әскери бөлімі мен ТЖД жеке құрамымен Жібек Жолы кентінің айналасында екі шақырымдық үйінді бекітілімді нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда. 1000-нан астам инертті материалы бар қаптар дайындалды, оның 700-ге жуығы төселді. Қазір жағдай тұрақтанды. Аула аумағынан еріген су сорып шығарылды.


Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Мәжіліс депутаттарымен бірге су тасқыны жағдайын аэровизуалды зерттеу және мониторингілеу мақсатында елорданың шекара маңындағы аумақтарын әуеден шолып шықты.

Ұшу барысында депутаттар 42-разъезд, Қоянды, Талапкер, Қараөткел, Қаражар Жібек Жолы және Қосшы елді мекендерінің аумақтарын әуеден бақылады.

Бақылау кезінде қардың еру процесі тұрақты жүріп жатқаны байқалды. Су шайған аймақтар жоқ. Тәулік бойы космомониторинг жүргізу жалғасуда. Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір өзен аумақтарында сең жүру үдерісі басталды.

Сондай-ақ Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының су қоймаларында су жинауға қажетті орындар әзірленуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT