Мәжіліс депутаты балалар құқығын қорғауға бағытталған заңнамалық өзгертулерді түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұл туралы бүгін Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев балалар құқығын қорғауға бағытталған заңнамалық өзгертулер мен толықтыруларды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалар құқығын қорғау бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясындағы жұмыс тобы осыдан 10 ай бұрын 2020 жылдың мамыр айында құрылған еді. Сонымен қатар қазіргі уақытта Мәжілістің 7-шықырылымы депутаттарының құрамы және қоғам белсенділері қатарынан осы өзгертулер мен толықтыруларды енгізу жөніндегі жаңа жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамы 65 адамнан тұрады. Оның ішінде Мәжіліс депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, психологтар мен педагогтар, мемлекеттік органдардың өкілдері, балалар мен отбасыларға көмек көрсету саласындағы сарапшылар, ғылым докторлары, құқықтанушылар бар. Қаңтар айынан бастап жаңа жұмыс тобымен 3 отырыс, ал 2020 жылдан бері 14 отырыс өтті», - деді Мәжіліс депутаты Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта еліміздің 3 кодексіне, 6 заңына 35-тен астам өзгерту мен толықтыру ұсынылып отыр. Оның ішінде жетім балалар мен ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың тұрғын үй мәселелері бойынша, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарын ашу, жәбірлеу түсінігін енгізу, сонымен қатар әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты және өзге де нормалар бар.

«Қоғамда біраз сұрақ легін туғызып отырған «жәбірлеу» ұғымының редакциясын талқылау үшін арнаулы сараптама алаңы жұмыс істейді. Бүгінде қоғамда мәселе тудырып отырған осы бір түсінік бар. Сол себепті осы жайында тоқталуды жөн көріп отырмын. Оның басты себебі - әлеуметтік желі, WhatsApp мессенджерінде зерделенбеген, шынайы емес ақпараттардың таратылуы, олардың көбінің дәйексіз халық арасында талқылануы. Көптеген қоғам белсенділері бұл түсініктің «қазақ дәстүріне қарсы, қазақилықты жоюға жұмыс жасау үшін енгізіп отыр» деп түсінеді. Бұл олай емес. Керісінше, өзге баланың қадірін құрметтеу мен оны сыйлауға бағытталады. Білім беру мекемелеріндегі жәбірлеуді болдырмау және оған жауап беру үшін жүйелі шаралар қабылдаудың маңыздылығын көрсетіп отыр», - деді Елнұр Бейсенбаев.


Соңғы жаңалықтар