Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақтың шарттарын қарайды - Нұрлан Нығматулин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бюро отырысында депутаттар қарауына Еуразиялық экономикалық одақтың тауар және қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылды.
Шарттың мақсаты тауар және қызмет көрсету белгілеріне, тауар шығарылатын жерлердің атауларына қатысты құқықтарды алудың өңірлік жүйесін құру.
Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы бар.
Бұл құжат темекі өнімдеріне акциздерді кезең-кезеңмен үйлестіруді көздейді.
Сондай-ақ, алдағы жалпы отырыста депутаттар микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда қарайтын болады.
- Қазақстанда волонтерлік қызметке қандай қолдау көрсетіледі
- БҚО-да коронавирусқа шалдыққандар 11 инфекциялық стационарда ем қабылдауда
- Депутат отандық асыл тұқымды мал басын көбейтудің қадамдарын айтты
- Мәжілісте су ресурстарын басқару жүйесін оңтайландыру ұсынылды
-
Депутаттар Шардара су қоймасы мен Көксарайдың қауіпсіздігіне қатысты ұсыныс айтты
-
Мәжілісте техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі қаралды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам