+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Мәжіліс төрағасы еліміздегі қағазбастылық пен бюрократияны сынға алды

2019 жылғы 9 қазан 12:11
Бөлісіңіз:
Мәжіліс төрағасы еліміздегі қағазбастылық пен бюрократияны сынға алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин бағдарламалардың орындалуына байланысты тиісті меморгандардың жауапкершілігін арттыру мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде «Жас маман» жобасының орындалуы барысына назар аударды.

Н. Нығматулин жыл басында, яғни Жастар жылының ашылуы рәсімінде Елбасы «Жас маман» бағдарламасын дайындау үшін Үкіметке тиісті тапсырмалар бергенін еске салды. Алайда осы бағыттағы қажетті шаралар іске асырылмаған.

Осы орайда, Мәжіліс төрағасы құжатты дайындау мен келісудің ұзақ рәсімдерін сынға алды.

«Тапсырманы орындамаудың себебінің өзі наразылық тудырады, яғни бұл жағдай бағдарламаны жүзеге асыру тәртібін дайындау мен келісу кезіндегі жай ғана қағазбастылықпен түсіндіріліп отыр. Бір құжатты келісу шараларына 9 ай мерзім жұмсалған. Бір ғана бұйрықты дайындауға осыншама уақыт кетті. Менің ойымша, бұл жайт жастардың мүддесін қамтитын маңызды бағдарламаны жүзеге асыру кезіне бюрократиялық әуре-сарсаңның жарқын үлгісін көрсетіп отыр. «Жастар жылы» болса аяқталуға таяп қалғанда, сіздер енді ғана оянып жатырсыздар», - деді Нұрлан Нығматулин.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT