Мәжілісмендер Риддердегі өрттен зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжілісмендер Риддерде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бір күндік жалақысын аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы Риддердегі тұрғындарға көмек көрсету үшін Мәжіліс депутаттарының бір күндік жалақысын аудару туралы қаулы қабылдады.

Қаражат Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына орман өрті салдарынан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін қалпына келтіруге бағытталады.

Естеріңізге сала кетсек, 10 мамыр күні ШҚО-дағы Риддер орман шаруашылығында өрт шықты. Дала өрті 310 гектар аумақты шарпып, 1 адам қаза тапты. Өртке байланысты шұғыл желі іске қосылды.

Мемлекет басшысы Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли БАҚ өкілдеріне Риддер қаласының Лесхоз кентіндегі орман өртінің алғашқы ықтимал себептерін атады.

ҚР Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері алапат өртке қатысты күдіктіні ұстады.



Соңғы жаңалықтар