Медет Құмарғалиев «ӨКМ Операторы» ЖШС-ға басшы болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) Операторы» ЖШС бас директоры қызметіне ҚР Экология министрлігінің Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаменті басшысының міндетін атқарған Медет Құмарғалиев тағайындалды. Аталған шешім профильдік министрлікпен келісілді.

Қазақстанда өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері қағидасы енгізілгеннен бастап «ӨКМ Операторы» ЖШС басшысы қызметін Светлана Коротенко атқарып келді. Оның басшылығымен ӨКМ таралатын тауар қалдықтарын жинау, қайта өңдеу шығындарына өтемақы тетігін енгізу, қалдықты басқару жүйесі қолға алынды. Авторециклинг саласы жаңадан құрылды. «ӨКМ Операторы» ЖШС Даму стратегиясы жасалып, оның ішінде қалдықтарды тиімді басқару бекітілді.

Медет Құмарғалиев – Шығыс Қазақстандағы екі университетті «Қоршаған ортаны инженерлік қорғау» және «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Алғашқы еңбек жолын гидрометаллургия саласында аппаратшы қызметінде бастаған. 2007-2012 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасының экологиялық сараптау бөлімінде маман, одан кейін экологиялық реттеу бөлімінің жетекшісі болды. 2009 жылы «Қоршаған ортаны қорғау саласында Бірыңғай рұқсат беретін жүйе базасын» және «Әмбебап рұқсат беретін жүйе» бағдарлама модулін жасады. 2012 жылдың қыркүйегінде Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде экологиялық сараптау және рұқсат құжаттарын беруге жауапты басқармаға басшылық жасады. Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясында және «Мемсараптау» РМК-да жұмыс тәжірибесі бар. 2019 жылы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінде қызмет еткен.

Жаңа қызметке келген Медет Құмарғалиев Қазақстанда қайта өңдеу саласын одан әрі дамытуда мемлекеттік органдар, әкімшілік пен ҮЕҰ өзара әрекетті нығайтумен айналысатын болады. Сонымен қатар «ӨКМ Операторы» ЖШС тауар қаптамаларына төлем ставкасын енгізу және қалдықтарды жинау, қайта өңдеу көлемін арттыру бойынша жұмыстарды атқарады.

Светлана Коротенко «ӨКМ Операторы» ЖШС Қадағалаушы кеңесіне ауысты. Ол жерде «ӨКМ Операторы» ЖШС Даму стратегиясы мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Соңғы жаңалықтар