Media құрылтай: YouTube кеңістігінде қазақ тіліндегі контентке сұраныс артып келеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда БАҚ қызметкерлеріне арналған дәстүрлі Media құрылтай өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медиа саланың сарапшылары журналистикадағы заң, медиа бизнесті басқару мәселелерін сөз етті.

Панельді жиындардың бірінде YouTube платформасының дамуы сөз болды.

Медиа сарапшылардың айтуынша, YouTube желісінде канал ашқан қазір тиімді.

«YouTube – Қазақстандағы №1 телеарна. Мұнда жақсы қаражат табуға болады», - деді «Salem social media» бас директоры Александр Аксютиц.

Оның айтуынша, Қазақстандағы 18 млн халықтың 12 миллионы YouTube-тың тұрақты қолданушысы.

«Қазақстанда балалардың 80 пайызы қазақ мектебіне барады дедік. YouTube бизнесін дамытам десеңіз, орыс тілін ұмытуыңыз керек. Аудиторияның басым көпшілігі қазақ тілді. Тұрақты ұзақ мерзімді жобалар керек болса, қазақша болғаны тиімді. Подкаст түсіргілеріңіз келсе, қазақша түсіргендеріңіз дұрыс», - деді спикер.

Ал жиынға қатысқан журналистердің бірі, YouTube кеңістігінде бірнеше жобаның авторы Аман Тасыған балаларға арналған қазақ тіліндегі контентке қызығушылық жоғары екендігін айтты.

Сарапшылар көрілімдердің санын арттыру, монетизация мәселесін көтерді.

«Бір бағдарлама 500 мың теңге тұрады. Бұған 4 камера, жарық, дыбыс, залды жалға алу кіреді», - деді белгілі блогер Әлішер Елікбаев.

«Біз Қазақстанда қазақ тілді аудиторияның өсіп келе жатқанын байқап отырмыз. Қазақтілді контенттің сапасы жоғары болғаны дұрыс», - деді Арманжан Байтасов.

Соңғы жаңалықтар