Медсақтандыру қоры Қарағанды облысы емдеу мекемелеріне 9,9 млрд теңге аударды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Медициналық сақтандыру қоры 2020 жылдың 1 жартыжылдығында Қарағанды облысының медициналық мекемелеріне 9,9 млрд теңгеден астам қаржы жіберді. Бұл сома МӘМС пакетінде медициналық көмек көрсеткені үшін аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетінен Қарағанды облысының медициналық ұйымдарын қаржыландыруға 9,9

млрд теңгеден астам қаражат бағыттады. Оның ішінде 2,5 млрд теңгеден астамы - аймақтағы стационарларда азаматтарға көрсетілген медициналық көмектің төлемі. Консультациялық-диагностикалық көмек, оның ішінде КТ, МРТ, УДЗ, зертханалық зерттеулер мен мамандардың консультациялары үшін шамамен 2,8 млрд теңге аударылды.

Сондай-ақ, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті аясында 2020 жылдың 6 айында Қарағанды облысының 6,5 мыңға жуық тұрғыны медициналық оңалту бойынша көмек алды. Облыс емханаларында, клиникаларда және оңалту орталықтарында оңалту

қызметтерін көрсеткені үшін Қор жарты жыл ішінде 890 млн теңге

аударды.

«Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында енгізілген карантиндік шараларға байланысты жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетуге шектеу қойылды. Тамыз айында еліміздің клиникаларында жоспарлы медициналық көмек қайта жанданды, сондықтан 2-ші жартыжылдықта МӘМС жүйесінде көрсетілген медициналық қызметтер бойынша

көрсеткіштердің өсуі күтілуде», - деп түсіндірді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.


Соңғы жаңалықтар