Медсақтандыру қорына ең көп жарна мемлекет есебінен түсті - Айбатыр Жұмағұлов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Қазақстан халқының 90%-нан астамы - МӘМС қатысушылары. Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмысының бірінші айының қорытындысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың қыркүйегінен бастап 1406 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істей бастады. Бүгінгі таңда байланыс орталығына азаматтардан 37 мыңнан астам жолданымдар келіп түсті, олардың 97%-ы кеңес алу, 3%-ы - шағымдар сипатында болды», - дейді Айбатыр Жұмағұлов.

Ол қазіргі уақытта Қазақстан халқының 90%-нан астамы, яғни 17 млн адам МӘМС қатысушылары екенін айтты.

«Оның ішінде 11 млн-ға жуық азамат жеңілдік берілген 15 санатқа кіреді. Олар үшін жарналарды мемлекет жүзеге асырады. 2020 жылдың қаңтар айында МӘМС үшін жарна және аударымдар ретінде 34,2 млрд теңге аударылды. Ең көп жарна - 24 млрд теңгеден астам қаржы мемлекет есебінен түсті»,- дейді ол.


Соңғы жаңалықтар