+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

«MEGA» сауда орталығы дүкендерін жалдағандардан ақы алмайтын болды

2020 жылғы 26 наурыз 15:43
Бөлісіңіз:
«MEGA» сауда орталығы дүкендерін жалдағандардан ақы алмайтын болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстандағы MEGA сауда орталықтарының желісіне ие «Mega Mаnagement» компаниясы СОО қызметін тоқтата тұру уақытында жалдау ақысын есептемейтіні туралы хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 284 болды Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 283-ке жетті Коронавирус: Дезинфекциялау жұмыстарына заманауи препараттар қолданылуда

Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш орталықтың мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын және орта бизнесті қолдау туралы үндеуіне орай, «Mega Mаnagement» компаниясы осындай шешім қабылдады. Яғни, компания жалдау ақысы мен тұтыну мен коммуналдық шығындардың ақысын алмайды.

«Біз СОО қызметін тоқтата тұру кезеңінде жалдау және коммуналдық шығын үшін ақы алмаймыз. «Mega Mаnagement» бұл шығындарды өз мойнына алады. Біз әлеуметтік-жауапты компания ретінде шешім қабылдадық және бұл бастама ерікті болып табылады. Егер қаласаңыз - бұл біздің азаматтық ұстанымымыз. Біз қалыптасқан жағдайдың барлық ауыртпалығын сізініп отырмыз. Өйткені біз де кәсіп иесіміз. Сондықтан да біз серіктестерімізге қолдау көрсеткіміз келеді», – деп мәлімдеді MEGA СОО желісінің иесі Нұрлан Смағұлов.

MEGA - Алматыдағы MEGA Alma-Ata және MEGA Park екі СОО және Нұр-Сұлтандағы MEGA Silk Way сауда орындары кіретін Қазақстандағы әлемдік деңгейдегі ірі сауда ойын-сауық орталықтарының желісі. MEGA СОО желісінің жалпы ауданы 425 852 шаршы метр, жалға алушылар саны - 650. MEGA желісінің бірінші СОО 2006 жылы ашылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT