Мексикада коронавирус инфекциясының үшінші толқыны бәсеңси бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мексика Үкіметінің өкілі коронавирус инфекциясының таралуының үшінші толқыны төмендегенін хабарлады.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, аурудың алдын алу жөніндегі хатшының орынбасары Уго Лопес-Галтель өткен аптада COVID-19 таралу қарқыны алдыңғы аптаға қарағанда 30%-ға азайғанын айтты.

Соңғы мәліметтер бойынша, Мексикада пандемия басталғаннан бері 3,7 миллионнан астам «дельта» мутациясымен коронавирус жұқтырған адам анықталды. Республикада аурудың асқынуынан 282 мыңнан астам адам қайтыс болды.

«Дельта» мутант штаммы алғаш тіркелген Үндістан балаларға коронавирусқа қарсы иммундауға рұқсат беруде. Вакцинацияға Covaxin препараты таңдап алынды. Билік оны 2 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау үшін қолдануға рұқсат берді. Бірінші және екінші дозалар арасы 20 күн болуы керек. Шетелдік дәрі-дәрмектерден басқа, Үндістанда «Спутник V» және AstraZeneca вакцинасы қолданылады. Елде 685 337 489 адам немесе халықтың 49,7%-ы вакцинаның кем дегенде бір компонентімен егілген, 269 570 606 адам вакцинацияның толық курсынан өтті.


Соңғы жаңалықтар