Мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне еңбекақы төлеуді қайта қарау қажет – сенатор

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтін мамандардың 50%-ында мамандандырылған салалық білім жоқ. Бұл туралы сенатор Динар Нөкетаева депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде мектепке дейінгі білім беру саласындағы оң өзгерістерге қарамастан, жүйелі шешімді қажет ететін бірқатар күрделі мәселелер бар.

Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы бар проблемаларды бірнеше негізгі блоктарға бөлуге болады деп есептейді. Оның ішінде: қаржыландыру мәселелері, жалпы және ғылыми тәсілдер, кадрлық қамтамасыз ету және осы саладағы сапалы қолдау да бар. Осы факторлардың салдарынан мектепке дейінгі сала қызметкерлері педагогикалық және психоэмоционалдық тұрғыда ауыр жағдайға тап болады. Балаларға қол көтеруге дейін қатыгездік таныту, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтер тарапынан тәртіптік бұзушылықтар жиі болып отыр.

«Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда 3 жасқа дейінгі балаларға арналған балабақша топтарын ашу уақыт күттірмейді. Жергілікті атқарушы органдар қазіргі жағдай мен болжау деректерін талдау негізінде өңірдің стратегиялық жоспарымен байланыстыра отырып, мектепке дейінгі саланы дамытудың қысқа мерзімге арналған кешенді жоспарын әзірлеуі қажет. Өңірде жан басына шаққандағы қаржыландыру коэффициентін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдануы тиіс. Сараланған және мөлшерлемелік ақы төлеу жүйесінің тетіктерін пайдалана отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет», - деді Д. Нөкетаева.


Соңғы жаңалықтар