Мектептен қайтып келе жатқан: Алматыда ер адам оқушы қызды тонаған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жасөспірім қызды тонап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған қыздың анасы полицияға арыз түсірген.

Оның айтуынша, қызы мектептен келе жатқанда белгісіз біреу оның қолынан IРhone ұялы телефонын тартып алған. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті нәтижесінде күдікті қамауға алынды.

«Полицияға жеткізілген 28 жастағы күдікті кінәсін мойындады. Айғақты зат ретінде телефон тәркіленді және иесіне қайтарылды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазір күдіктінің осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар