Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бұрынғы басқарма төрағасының атқарған белсенді әрі жемісті жұмысына ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Ахметжан Есімов Президентке көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқының игілігі жолындағы жұмысына табыс тіледі.


Соңғы жаңалықтар