Мемлекет басшысы: Ана тілімізді ардақтамасақ, елдігімізге сын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа экологиялық кодекс және Жасыл өсім тұжырымдамасы қабылданады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз «Рухани жаңғыру« бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асыра береміз. Бұл аса маңызды құжат ұрпақтың санасын серпілтіп, ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруға арқау болады. Мұнан бөлек, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын одан ары кеңейтуге күш жұмылдырамыз. Ана тілімізді ардақтамасақ, елдігімізге сын», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті кез келген шаруашылық қызметімен айналысқан жағдайда табиғатты сақтау және оны қорғау міндеті басты қағидаттың біріне айналатындығын баса айтты.
«Жаңа экологиялық кодекс және Жасыл өсім тұжырымдамасы қабылданады. Біз прагматизм құндылықтарын - үнем, қанағат және ұстамдылық мәдениетін орнықтыруымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
- Президент Ахметжан Есімовке бірқатар нақты тапсырма берді
- Президент мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды
- Үкіметтің кеңейтілген отырысы 26 қаңтарда өтеді
- Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады
-
Президент Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
-
Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам