Мемлекет басшысы арыз-шағымдарға арналған бірыңғай платформаны уақытылы іске қосуды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтардың арыз-шағымдарына арналған бірыңғай платформа уақытылы жұмыс істей бастауы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасының басшылық құрамымен кеңес өткізген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы прокуратураға соттармен бірлесіп барлық тиімсіз жұмыс істеп тұрған нормалар мен негізсіз актілерді анықтауды тапсырды. Ол үшін Азаматтардың арыз-шағымдарына арналған бірыңғай платформа уақытылы жұмыс істей бастауы тиіс.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі криминогендік ахуалға назар аударды. Мемлекет басшысы карантиндік шектеулер кезінде қылмыстық іс-әрекеттердің едәуір азайғанына қарамастан, шектеулер жеңілдетілгеннен кейін, керісінше, күш-жігерді жұмылдыра түсу қажет екенін айтты.

«Пандемияның экономика мен әлеуметтік салаға тигізген кері әсері қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол ашуы мүмкін. Құқық қорғау органдары осыған дайын болуға тиіс. Еліміздегі күрделі ахуалды пайдаланып қалуға тырысатын қылмыстық топтардың кез келген іс-әрекеттерін бесігінде тұншықтыру керек», – деді Президент.


Соңғы жаңалықтар