Мемлекет басшысы БАӘ Президентіне көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік қайраткері шейх Сұлтан бен Заид Әл Наһаянның дүниеден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алып, оның бауыры, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта Шейх Сұлтан өз өмірін Әмірліктердің, оның халқының мүддесін қорғауға және қызмет етуге риясыз арнағаны баяндалған. Сонымен қатар Қазақстан халқы шейх Сұлтан Әл Наһаянды парасатты азамат, жоғары беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым жадында сақтайтыны айтылған.

– Осындай сын сағатта орны толмас ауыр қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша Қазақстан халқының атынан және жеке өз тарапымнан, Сізге және бүкіл Әмірліктер халқына қайғыра көңіл айтамын, – делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар