+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы «Digital Centre» цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығына барды

2019 жылғы 20 қараша 16:51
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы «Digital Centre» цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығына барды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті «Digital Centre» цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы: Қазақстанға шетелден тікелей инвестицияны тарту жұмысын тоқтатпау керек Намысымыз қайда – Президент импорттық дәрілерге тәуелділік жайлы Енді нәтиже керек – Президент халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жайлы

«Digital Centre» орталығында Мемлекет басшысына тұрғындар мен ел қонақтарына қызмет көрсететін электронды үкімет жүйесі таныстырылды.Қасым-Жомарт Тоқаевқа «eGov mobile» мобильді қосымшасы, Facebook, VKontakte әлеуметтік желілері мен Telegram мессенджері арқылы мемлекеттік қызмет алудың жаңа мүмкіндіктері мен артықшылықтары көрсетілді.

Сонымен қатар 2020 жылға қарай мемлекеттік қызмет көрсетудің 90 пайызын цифрлық форматқа көшіру жоспары туралы да айтылды. – Бастысы – сапа мен жедел қызмет көрсету. Біз жоғары технологияларды пайдаланатын алдыңғы қатарлы ел болуымыз керек деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.Бүгінде «Digital Centre» орталығында 1220 адамның биометриялық дерегі тіркелген. Осының арқасында олар өздерінің жеке құжаттарын көрсетпей-ақ мемлекеттік қызмет ала алады. Орталық қашықтан видео-сервис арқылы қызмет көрсетеді. Сондай-ақ елорда тұрғындары бұл жерде цифрлық сауаттылық дағдыларын меңгереді.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT