Мемлекет басшысы Еңбек қауіпсіздігінің 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді жүктеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын әзірлеген жөн. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі. Бұл орайда әлемдік үрдістерді басшылыққа алуымыз қажет. Қазір еңбек қауіпсіздігін қорғау кезінде алдын алу шараларына басымдық беріледі. Бұл - халықаралық тәжірибе. Әсіресе кәсіптік қателерді бағалау және оларды реттеудің тиімді жүйесін құру айрықша назарда. Еңбек қауіпсіздігін қорғаудың ұлттық жүйесін жаңғырту барысында осы қағидаттарды негізге алу керек», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қауіп-қатерді анықтап, оның алдын алу тәсілдерін енгізу қажеттігіне назар аудартты.

«Бұл жұмысшылардың денсаулығына қауіп төндіретін өндірістік түйткілдерді барынша азайту деген сөз. Өкінішке қарай, біз қазір мұндай мәселеге әбден кеш мән береміз. Қазақстанда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын әзірлеген жөн. Бұл құжатты Үкімет, жұмыс берушілер және кәсіподақ өкілдері бірлесе дайындағаны абзал. Ірі және орта кәсіпорындардың иелері мен басшылары жұмысшылардың әлеуметтік талаптарын назарда ұстауы қажет. Компанияларда әлеуметтік үйлесім болуға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар