Мемлекет басшысы: Еңбекпен қамтылғандардың 40 пайызға жуығы «көлеңкеде» қалып қойған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбекпен қамтылғандардың 40 пайызға жуығы «көлеңкеде» қалып қойған. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екінші мәселе – жұмыспен қамту мәселесі. Біз жұмыспен қамтудың жол картасын қабылдап, оған 1 триллион теңге бөлдік. Бұл қаржының 98,2 пайызы игерілді. Бағдарлама халықты еңбекпен қамтып, іскерлік белсенділікті қолдау үшін маңызды рөл атқарды. Алайда ондаған және жүздеген мың жұмыс орны ашылғаны туралы ақпаратты тексергенде, ол зейнетақы және салық төлемдерімен сәйкес келе бермейді. Азаматтарды қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналастыру белең алып отыр», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, бірыңғай ақпараттық жүйеге бір адам туралы мәлімет қайта-қайта енгізіледі.

«Дәл осындай 15 мың жағдай тіркелген. Жұмысқа орналасты деген адамдардың үштен бірі зейнетақы қорына қаржы аудармаған болып шықты. Мұндай жағдай әсіресе Түркістан 79 пайыз, Қызылорда 43 пайыз және Жамбыл облыстарында 36 пайыз анықталып отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жалпы, еңбекпен қамтылғандардың 40 пайызға жуығы «көлеңкеде» қалып қойған. Мен бұған дейін осындай есептерді автоматты түрде қайта тексеру тәсілдерін енгізу туралы тапсырма бердім. Алайда Мемлекеттік кірістер комитеті мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл тапсырманы әлі орындаған жоқ.


Соңғы жаңалықтар