Мемлекет басшысы Португалияның қайта сайланған Президентін құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым Жомарт-Тоқаев Португалия Республикасының қайта сайланған Президенті Марселу Ребелу де Соузаны құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым Жомарт-Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Марселу Ребелу де Соузаны Португалия Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.
– Сайлаудағы жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге және Португалияның саяси-экономикалық тұрақтылығы мен оның халықаралық беделін нығайтуға бағытталған сарабдал саясатыңызға деген сенімінің айқын дәлелі екені сөзсіз. Осы тұста Сіздің қажырлы еңбегіңіз еліңізді бүгінгіден де биік белестер мен тың табыстарға жетелей беруіне тілектестігімді білдіремін. Қазақстан мен Португалия арасындағы дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогты, әлеуеті жоғары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі дамыту мақсатында Сізбен бірге күш-жігер жұмылдыратынымызға сенімім мол, – делінген жеделхатта.
Сонымен қатар Президент Португалия Республикасының Еуропалық Одақ Кеңесіндегі жақында басталған төрағалығына толағай табыс тілеп, Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім негізіндегі жан-жақты байланыстардың өрістей түсетініне зор үміт артатынын атап өтті.
- Өмірзақ Шөкеев пен Италия елшісі ынтымақтастық мәселелерін талқылады
- Нұрлан Нығматулин Қырғыз Президентімен кездесті
- Елбасы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесті
- Уфук Экиджи: Қазақстан Түркия үшін қызығушылығы басым ел болып қала береді
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Президентімен кездесуде Абай мен Мағжанның сөздерін келтірді
-
Қырғызстан Президенті Қазақстан басшысына коронавируспен күресте қолдауы үшін алғыс айтты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам